Камбоджаның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды
Астана, 2024 жылғы 20 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстанда қоса қызмет атқаратын Камбоджа Корольдігінің Елшісі Чеа Соктан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
Ә.Бақаев Елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды әрі қарай дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Сұхбат барысында Қазақстан мен Камбоджа арасындағы өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Камбоджа арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту үшін тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -