Катонқарағай мен Марқакөл аудандарындағы полиция ғимараттары жөнделеді
Облыс әкімі Ермек Көшербаев Ішкі істер министрімен бірге Катонқарағай ауданында және жаңадан құрылған Марқакөл ауданында барып қайтты.
Сапар барысында Марқакөл және Катонқарағай аудандық полиция ғимараттарының жағдайы тексерілді. Биыл аталған ғимараттарда жөндеу жұмыстары басталмақ.
Катонқарағай ауданының әкімдігі хабарлағандай, ғимарат соңғы рет 1997 жылы жөнделген.
– Бөлінген қаржыға ғимараттың қасбетін жөндеу, аумақты абаттандыру, қызметкерлерге арналған автотұрақ салу, есік-терезелерді, едендерді ауыстыру жоспарлануда, – деді аудан әкімдігінің өкілдері.
Мекемелерді кадрлармен қамту – маңызды мәселе. Аймақ басшысы Ермек Көшербаев аудандарға жас мамандарды тартып, оларға жайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -