Корея Республикасының делегациясы «Мемлекеттік саясатты әзірлеуде жасанды интеллектті пайдалану» кітабын таныстырды
Бүгін Корея Республикасының Адами ресурстарды дамытудың ұлттық институтының басшылығы «Мемлекеттік саясатты әзірлеуде жасанды интеллектті пайдалану» кітабының таныстырылымын өткізді.
Шара барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері Кореяның Адами ресурстарды дамытудың ұлттық институты қызметінің бағыттарымен, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын белсенді қолдану тәжірибесімен танысты.
Корея делегациясы жасанды интеллект базасында шешімдерді енгізу мен пайдалану арқылы мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыруда Қазақстанның цифрлық әлеуеті жоғары екендігін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -