Ұландық оқушылардың жазғы демалысына толық жағдай жасалмақ
Ұлан ауданының әкімі Думан Рахметқалиев Төменгі Тайнты ауылындағы «Болашақ» жазғы лагерінің биылғы маусымдық ашылу салтанатына қатысты. Алғашқы лекпен 360 ұландық оқушы тамаша табиғат аясында жазғы демалыстарын бастап кетті.
- Балалар жазғы демалыстарын тиімді, денсаулықтарына пайдалы өткізуі үшін барлық жағдай жасауға тырысып жатырмыз. «Болашақ» лагерін биыл күрделі жөндеуден өткіздік. Балаларды тасымалдаудан бастап барлық қауіпсіздік шараларына көңіл аударып отырмыз. Өзім үнемі келіп жатар жерлерінің тазалығын, тамақтарының сапасын тексеріп отырамын,- деді Ұлан ауданының әкімі Думан Рахметқалиев.
Жалпы саны 4654 оқушыға арналған аталмыш жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Лагерде демалушылар үшін барлық жағдай жасалған, оқушылар іс-шара жоспарына сәйкес демалатын болады. Балалар 5 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, бүлдіршіндердің демалыстарын таза ауада пайдалы өткізуі үшін жағдай жасалмақ.
Айта кетейік, Ұлан ауданында мектеп оқушылары биыл толығымен жазғы демалыспен қамтылатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -