Lesha Bank-тің «Bereke Bank» акционерлік қоғамының банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім және оны иеленуге рұқсат алуы туралы
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Lesha Bank LLC-ке (Public) «Bereke Bank» акционерлік қоғамының банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы» № 66 қаулы және «Lesha Bank LLC-ке (Public) еншілес ұйым – «Bereke Bank» акционерлік қоғамын иеленуге рұқсат беру туралы» № 67 қаулы қабылдады.
Заңнама талаптарына сәйкес бірде-бір тұлға банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иелене, пайдалана және (немесе) оған иелік ете алмайды, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызы мөлшерінде банк қабылдайтын шешімдерге бақылау жасай алмайды немесе ықпал ету мүмкіндігіне ие бола алмайды.
Банктің дауыс беретін акцияларының 100%-ын жоспарланған иеленуіне байланысты Lesha Bank-тің «Bereke Bank» АҚ еншілес ұйымының банк холдингі мәртебесін иеленуге және оны иеленуге рұқсатын алуға өтініштері мен тиісті құжаттарын Агенттік «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 11-1 және 17-1-баптарының талаптарына сәйкес қарады.
Lesha Bank шариғат нормаларына сәйкес қызметін жүзеге асыратын банк болып табылады және Qatar Financial Center Regulatory Authority-дің 2010 жылғы 30 маусымдағы банк операцияларын жүргізуге, оның ішінде депозиттерді қабылдауға, қарыз операцияларына, инвестициялармен операцияларға, ұжымдық инвестициялар қорын басқаруға лицензиясы (рұқсаты) бар.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Lesha Bank активтері $2,05 млрд, меншікті капиталы $0,4 млрд, капиталының жеткіліктілік коэффициенті 16,9%-ды құрайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша банк $26,5 млн, ал 2024 жылдың 6 айында – $15,5 млн таза пайда алды.
«Bereke Bank» АҚ Қазақстанның екінші деңгейдегі банктері арасында активтерінің мөлшері бойынша 9-шы және несие портфелінің мөлшері бойынша 7-ші орынды иеленеді. 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банктің активтері 2 248 млрд теңгені, меншікті капиталы 173 млрд теңгені құрайды. Банк белгіленген, оның ішінде капитал және өтімділік жеткіліктілігін қоса алғанда, пруденциялық нормативтерді сақтайды.
Сыртқы коммуникациялар Басқармасы
+7 (727) 237 1089
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -