Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Шымкент шаһарының тұрғындарымен кездесті
2024 жылғы 20 қарашада Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Премьер-Министрдің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізудің кейбір мәселелері туралы» өкімі аясында Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды, онда Құрсай шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өтті.
Жұмыс сапары барысында вице-министр «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметімен, сондай-ақ ірі қалалардың шеткі инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан Құрсай шағын ауданының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысымен танысты.
Халықпен кездесуде тұрғындарды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер талқыланып, әлеуметтік сипаттағы мәселелер көтерілді.
Бұған қоса, жұмыс сапары барысында Шымкент қаласының жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының қатысуымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша жиын өткізілді. Жиын Қазақстан Республикасында Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген іс-шараларды іске асыру аясында өтті.
Қатысушылар халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанның ірі қалаларында мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың тәсілдерін ұсынды. Сондай-ақ, атқарушы органдар мен тұрғындардың өзара іс-қимылын жақсарту бойынша қала аудандары әкімдерінің ұсыныстары тыңдалды.
Жиын қорытындысы бойынша алдағы жұмыста қолданылатын тиісті ұсыныстар әзірленді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -