МҚІА Абай облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді
МҚІА Абай облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қашықтық мониторинг жүргізу барысында аудандық жергілікті атқарушы орган тарапынан кәсіпкердің өтініші бойынша жер учаскесін беруден негізсіз бас тарту фактісі анықталды. Атап айтқанда, қызмет алушымен құжаттар толық ұсынылғанына қарамастан, көрсетілетін қызметті беруші орган артық құжаттарды талап ете отырып, жер учаскесін беруден бас тартқан. Департаментпен қабылданған шаралар нәтижесінде кәсіпкерге жер учаскесін беру туралы жер комиссиясының оң қорытындысы қабылданып, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -