ІІМ-де киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды
Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ішкі істер министрлігінде жаңа бейінді департамент құрылды.
Бұл бастама азаматтарды заманауи қауіп – киберқылмыстан қорғауға бағытталған.
Департамент киберқылмыстарды анықтаумен және ашумен, олармен күресте стратегиялық қадамдарды әзірлеумен айналысатын болады.
– Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қатерлер санының артуына байланысты мамандандырылған арнайы бөлініс құру қазіргі заманауи қауіпке неғұрлым тиімді жауап беруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
ІІМ басшысы жеке құрамға жаңа департамент бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -