Маңғыстау өңірінің мектеп оқушылары жазда қалай демалады
1 маусымнан бастап 159 мыңнан астам оқушы демалысқа шығады. Кәмелет жасына толмаған 146 мыңнан астам бала жазғы демалыс және еңбекпен қамтылады. Оның ішінде 4800 мың бала ауылдық сауықтыру лагерлеріне жіберілсе, ауыл мектептерінен 1200 оқушы «Қазақстан халқына» қоры есебінен демалады. Бұл туралы аппарат отырысында Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева мәлімдеді. Сондай-ақ Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы Нұрәділ Иманғалиев баяндама жасады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау облысының білім басқармасы 146 мыңнан астам оқушының жазғы демалысын қамтуды жоспарлап отырғанын атап өтті.
• Биыл мектеп жанындағы жазғы сауықтыру орнына аз қамтылған отбасы балалары мен оқу озаттары демалады. Сондай-ақ, Қарақия және Түпқараған өңірлерінде балалар үшін шатырлы жазғы демалыс ұйымдастырылады. Мектептерде мамандандырылған спорт үйірмелері болады, - деп атап өтті білім басқармасы.
Жазда Маңғыстауда үш саяжай лагері жұмыс істейді:
▪️ «Балдәурен» лагері Ақтау қаласынан 43 шақырым жерде теңіз жағалауында орналасқан.
▪️ «Фламинго» лагері Ақтау қаласынан 33 шақырым жерде теңіз жағалауында орналасқан.
▪️ «Ақбөбек» лагері Жаңаөзен қаласындағы «Кендірлі» демалыс базасында орналасқан.
Маңғыстау облысының білім басқармасының мәліметінше, жазғы іс-шараларды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 675,9 млн теңге бөлінген. Маңғыстау облысының кәсіподақ ұйымдары 1580 балаға 207 миллион теңгеге жуық қаржы бөлсе, 1500 баланың демалысына демеушілер тарапынан 225 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді.
Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев балалардың жазғы демалысын және жұмысқа орналасуын ұйымдастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық беруді тапсырды. Яғни жолдар мен су айдындарындағы қауіпсіздікті, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы сөз қозғалды.
- Балалар демалысын қайда өткізсе де, яғни, қала сыртындағы немесе мектеп жанындағы лагерь болсын, санаторий немесе үйде болсын, біз бала үшін жазғы каникулдың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуіміз керек. Судағы қауіпсіздікке, балаларды тасымалдауға, демалыс орындарындағы тамақ сапасына және т.б. мамандандырылған мекемелер үшін жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі бірінші орында тұруы тиіс, - деді Нұрлан Ноғаев.
Жиын барысында Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы Нұрәділ Иманғалиев атап өткендей, 2024 жылы Маңғыстауға 400 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.
Бүгінгі таңда Үкіметтің қолдауымен 8 ішкі бағытқа (Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Көкшетау, Шымкент, Түркістан, Орал) және 13 халықаралық бағытқа шетел және көршілес елдерге (Ыстамбұл, Лондон, Баку, Тбилиси, Кутаиси, Мәскеу, Екатеринбург, Грозный, Ереван, Астрахань, Минводы, Махачкала, Сари) рейстер орындалады.
Облысымызда теміржол қатынасымен үш халықаралық бағытта(Астрахань, Саратов, Нүкіс) және ішкі бағыттар бойынша 7 бағытта (Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Семей, Бейнеу) жолаушылар тасымалы жүргізіледі.
Екінші және үшінші тоқсанда туризмді дамытуға серпін беретін бірқатар ірі іс-шараларды өткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, 17 мамырға дейін Ақтауда спорттық және жауынгерлік самбодан кадеттер, жасөспірімдер, жастар және шеберлер арасында Азия және Океания чемпионаты өтеді. 2024 жылдың жазында Үрімжіде (ҚХР) Маңғыстау облысының мәдени күндері өтеді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 28-30 тамызда Ақтауда басталып, 8-14 қыркүйекте Астанада өтеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -