Маңғыстауда «Халық» қорының қолдауымен жаңа су тұшыту қондырғысы іске қосылды
19 маусым күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен Ақтаудың іргесіндегі Сайын Шапағатов ауылында су тұшыту қондырғысы іске қосылды, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа қондырғының көмегімен зауыттың қуаты екі есе артты. Кәсіпорын тәулігіне 4 500 м3 су тұшытады. Бұл өзкезегінде он мыңға жуық тұрғыны бар Сайын Шапағатов пенкөршілес 15 мың адам тұратын Ақшұқыр ауылын толық ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Су тұшыту зауыты шикізат ретінде жерасты суларынпайдаланып, ауыл халқына санитарлық талапқа сай ауыз суұсынады. Алдағы уақытта өндіріс ошағы қуатын тәулігіне 6 500 м3 дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Шарада аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай игібастамаға мұрындық болып, жобаға қаржы бөлген «Халық» қорына маңғыстаулықтар атынан алғысын жеткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірдегі су тапшылығын жойып, халықты таза сумен қамту жайындаарнайы тапсырмасы бар. Жерлестерімізге тіршілік нәрінжеткізу ісі - күн тәртібінен түспейді. Қазір облыста ауыз сутапшылығын жою үшін бірқатар жоба қарқынды жүріп жатыр. Нәтижесін көретін сәт те алыс емес. Тамыз айына дейін«МАЭК» ЖШС аумағында тәулігіне 6000 текше метр сутұшытатын қондырғы іске қосылса, «СК-А-Строй» ЖШС сутұшыту зауытының қуатын 5000-нан 9 000 текше метрге дейінарттырады. Сондай-ақ тамыздан бастап Ақтау қаласынатәулігіне қосымша 6000 текше метр ауыз су, Баяндыауылындағы су тұшыту қондырғысы арқылы тәулігінеқосымша 3000 текше метр ауыз су Мұнайлыға беріледі, - деді Н.Қилыбай.
Айта кетейік, іске қосылып жатқан зауыттың жалпы құны– 1 000 000 000 (1 млрд) теңге. Жобаны «Алека» ЖШС «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырыпотыр. Аталған жобаға «халық» қоры 565 млн теге бөлді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -