МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ: ЕМДЕЛІП ЖАЗЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 43 БАЛА АУРУХАНАДАН ШЫҒАРЫЛДЫ
Бүгінгі таңда Көпфункционалды облыстық балалар ауруханасында инфекциядан зардап шеккен 43 бала жазылып кетуіне байланысты емін аяқтап, ауруханадан шығарылды. Олардың бәрі амбулаториялық бақылауға алынған және барлығының жағдайы жақсы.
Стационарда 53 бала емін жалғастыруда, олардың жағдайы да тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Ауру шыққан кезден бастап (2024 жылғы 6 қыркүйектен бері) өңірдің медициналық мекемелерінеМаңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы "№8 жалпы білім беру мектебі" МКК -ның қызуы көтерілген, іші өткен, лоқсып, әлсіздік байқалған 466 оқушысы қаралған болатын. Соның ішінде 96 бала қажетті медициналық көмекті алу үшін ауруханаға жатқызылды.
Науқастарға тиісті медициналық көмек көрсетілуде. Сонымен қатар сол жерде науқастарды емдеуге көмек көрсету бойынша Астана медициналық университетінің инфекционистері мен гастроэнтерологтары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл медицина Ұлттық үйлестіру орталығының мамандары жұмысын жалғастыруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -