Маңғыстаулықтар Әзірбайжан елінің азаматтарын еліне шығарып салды
Бүгін, 26 желтоқсан күні ұшақ апатынан зардап шеккен әзірбайжандық 14 азамат пен күні кеше Ақтауға келген Әзірбайжан делегациясының 20 мүшесі өз елдеріне оралды. Оның ішінде аман қалған 2 бортсерік пен 1 бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге аттанды.
Зардап шеккендерді шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары, жастар және қоғам өкілдері қатысты.
Маңғыстаулықтар бауырлас елге жылы тілектерін білдіріп, қолдау білдірді.
Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 6 науқас ем алуда. Оның ішінде 4 адамның жағдайы ауыр, 2 адамның жағдайы орташа. Жарақат алғандарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басқаруымен Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -