Максим Мұхаметов Өскеменге Гагарин кубогын алып келді
Бүгін Шығыс Қазақстанның жас хоккейшілері Құрлықтық хоккей лигасының басты олжасы - Гагарин Кубогына қол жеткізді. Оны Өскеменге «Металлург» ХК шабуылшысы, қаламыздың тумасы және «Торпедо»хоккей мектебінің тәрбиеленушісі Максим Мұхаметов әкелді.
Жас спортшылар үшін бұл іс-шара, әлбетте, өте маңызды. Жаңа жеңістер мен бастамаларға жолдама болары сөзсіз.
Салтанатты шараға облыс әкімі Ермек Көшербаев қатысты. Өңір басшысы спортшылардың ата-аналармен және жаттықтырушылармен сөйлесіп, хоккейді одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқыладым. Өйткені Шығыс Қазақстан хоккей спорт түріне арналған кадрлардың нағыз ұстаханасы. Енді Зайсан мен Риддерде осы спорт түріне көбірек балаларды тарту үшін хоккей модульдері салынатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -