Мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері мен персоналды басқару қызметінің басшылары үшін арнайы семинар ұйымдастырылды
Орталық мемлекеттік органдардың 30-дан астам персоналды басқару қызметтерінің басшылары мен әдеп жөніндегі уәкілдері «Коммуникативтік құзыреттілікті дамытудың негізгі бағыттары және коммуникацияның тиімді құралдары» тақырыбындағы мемлекеттік қызметшілерге арналған семинарға қатысты.
Мемлекеттік қызметшілердің жеке құзыреттерін дамытуға бағытталған арнайы семинар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Семинарға қатысушылар жұмыста тайм-менеджментті қолдану, корпоративтік мәдениетті дамыту, өз ұжымдарында қолайлы моральдық-психологиялық және іскерлік ахуалды қалыптастыру бойынша міндеттерді шешуге, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа білім мен дағдыларға үйренді.
Сондай-ақ семинардың форматы қатысушыларға өзара тәжірибе алмасып, түрлі қақтығыс жағдайларын басқаруға және қызметкерлерді ынталандырудың жаңа әдістерімен танысуға мүмкіндік берді. Бұл дағдылар мен білім оларға күнделікті кәсіби міндеттерді сапалы жүзеге асыруға көмектеседі деп күтілуде
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -