«Менің рәміздерім»: Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай жалаушалар таратылды
Мемлекеттік рәміздер күніне орай елордада «Менің рәміздерім» акциясы өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараны қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды. Оның мақсаты – Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, азаматтардың патриоттық сезімін ояту.
Акция аясында «Mega Silk Way» сауда орталығының қызметкерлеріне еліміздің Мемлекеттік туы бейнеленген төсбелгілер мен кішкентай жалаушалар таратылды.
«Мұндай акцияға қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің әрбір азаматы үшін ерекше құндылық. Бүгінгі мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Еліміз гүлдене берсін», - деді ЕҰУ студенті Жасұлан Сахай.
Маңызы мол мерекенің мәні көпшілік арасында кеңінен насихатталды.
«Осындай іс-шараның арқасында кез келген уақытта мемлекеттік рәміздерге деген құрмет артады. Біз мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге міндеттіміз. Бұл – тәуелсіздігімізді айшықтайтын нышандар. Акция мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, патриоттық рух сыйлайды», - деді елорда тұрғыны Айгерім Жұманғалиева.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -