Момышұлы - Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысы уақытша жабылады
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Б. Момышұлы-Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 18 маусым күні сағат 22:00-ден бастап, 19 маусым сағат 9:00-ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабылатын болады.
Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұрайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -