Оқу жылына дайындық: Студенттік омбудсмендер жатақханалар мониторингін жалғастыруда: Астана қаласы, 31 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Оқу жылына дайындық: Студенттік омбудсмендер жатақханалар мониторингін жалғастыруда

29 шілдеде республикалық студенттік омбудсмен Ұлан Наукен және Алматы қаласының студенттік омбудсмені Әділхан Төлепберген Абай атындағы ҚазҰПУ жатақханаларына қоғамдық мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында олар студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету үшін құрылған Ахуалдық орталықтың қызметімен, сондай-ақ жатақханалардағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Абай университетінде 2024-2025 оқу жылында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, өмір сүруге жайлы жағдай жасау және олардың қауіпсіздігі бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Жоғары оқу орнының жатақханаларында өрт қауіпсіздігінің барлық талаптары мен санитарлық нормалар сақталған, бейнебақылау жүйесі орнатылған, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету үшін орнатылған «дабыл» батырмасы жұмыс істейді.

Студенттерді жатақханаға орналастыру барысын оңтайландыру және қолдау көрсету үшін Қазыбек би, 30/1 мекенжайында орналасқан Ахуалдық орталық жұмыс істеуде.

Орталықта студенттер мен олардың ата-аналарына жатақханаларға орналастыру мәселелері бойынша жедел ақпарат алуға мүмкіндік беретін сенім телефоны іске қосылған.

Абай университетінің студенттері жатақханаға орналасуы үшін Ахуалдық орталықтың мамандарына хабарласуына болады. Байланыс телефоны: 8 727 293 88 67.

видео

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Оқу жылына дайындық: Студенттік омбудсмендер жатақханалар мониторингін жалғастыруда

29 шілдеде республикалық студенттік омбудсмен Ұлан Наукен және Алматы қаласының студенттік омбудсмені Әділхан Төлепберген Абай атындағы ҚазҰПУ жатақханаларына қоғамдық мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында олар студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету үшін құрылған Ахуалдық орталықтың қызметімен, сондай-ақ жатақханалардағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Абай университетінде 2024-2025 оқу жылында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, өмір сүруге жайлы жағдай жасау және олардың қауіпсіздігі бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Жоғары оқу орнының жатақханаларында өрт қауіпсіздігінің барлық талаптары мен санитарлық нормалар сақталған, бейнебақылау жүйесі орнатылған, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету үшін орнатылған «дабыл» батырмасы жұмыс істейді.

Студенттерді жатақханаға орналастыру барысын оңтайландыру және қолдау көрсету үшін Қазыбек би, 30/1 мекенжайында орналасқан Ахуалдық орталық жұмыс істеуде.

Орталықта студенттер мен олардың ата-аналарына жатақханаларға орналастыру мәселелері бойынша жедел ақпарат алуға мүмкіндік беретін сенім телефоны іске қосылған.

Абай университетінің студенттері жатақханаға орналасуы үшін Ахуалдық орталықтың мамандарына хабарласуына болады. Байланыс телефоны: 8 727 293 88 67.

видео

Аймақтағы жаңалықтар