ҚҚОА түлектері қаржылық мониторинг органдары қызметкерлерінің қатарын толықтырды
Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларының 6-шы түлектер легіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Академия қаржылық мониторинг органдарында қызмет етуге арналған 4
0 маман дайындады.
Салтанатты рәсімге
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовқатысып, оқу үздіктеріне Экономикалық тергеу қызметі лейтенанты атақтары мен үздік тыңдаушылардың ата-аналарына алғыс хаттар табыс етті.
Академия ректоры Марат Сексембаев
үздік түлектерге оқудан өткені туралы сертификаттар табыс етті. Жақын арада олар тиісті лауазымдарға тағайындалады және өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға кіріседі.
Айта кетейік, курс барысында Академия тыңдаушылары экономикалық қылмыстармен күресу үшін білім мен дағдыларды игеруге бағытталған тереңдетілген оқытудан өтті.
Соңғы 3 жылда Академия 240 тыңдаушыны дайындап, олар өздерінің қызметтік міндеттерін абыроймен орындап келеді.
Қаржылық мониторинг агенттігі әрбір талантты, перспективті, креативті ойы бар кандидат Құқық қорғау органдары академиясында оқығаннан кейін қаржылық мониторинг органдары қатарын толықтыра алатынын және елдің құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін нығайтуға өз үлесін қоса алатынын еске салады.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -