Облыс әкімі Асайын Байханов өңірлік кадр резервінің мүшелерімен кездесті
Өңір басшысы биыл ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында өңірлерде өңірлік кадрлық резервтер қалыптастырылғанын атап өтті.
- Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жетістігі басқарушылардың үйлесімді жұмысына байланысты. Сондықтан, өңір әкімі ретінде мен үшін кәсіби, бастамашыл және жауапты мемлекеттік қызметшілердің болуы өте маңызды, - деді Асайын Байханов.
Өңірлік кадр резервіне комиссиямен 20 адам іріктеліп алынды. Оның ішінде 16 мемлекеттік қызметші, 4 квазимемлекеттік және жеке секторлардың қызметкерлері.
3 айдың ішінде басқармаларда бірқатар тағайындаулар болды. Атап айтқанда, цифрлық технологиялар басқармасы басшысының орынбасары болып Самал Камитова, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымына Дархан Ермағамбетов, Шарбақты аудандық статистика басқармасының басшысы қызметіне Владимир Дружинин, ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы болып Бекзат Байдүсен тағайындалды.
Конкурстық іріктеу кезінде олар экономиканың, әлеуметтік инфрақұрылымның өсуіне және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін жобалар ұсынды.
Бүгінде Павлодар облысында 200-ден астам бос жұмыс орындары бар, оның ішінде 40-тан астамы басшылық лауазымдарында.
Облыс әкімі «Жастар кадрлық резерві» ғана емес, мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін барлық жастар жеке мансаптық амбицияларға емес, бірінші кезекте халықтың мүддесіне негізделуге тиіс екенін атап өтті.
- Біздің мақсатымыз - облыс тұрғындарының игілігі үшін жұмыс істеуге дайын жастар үшін тиімді әлеуметтік баспалдақ құру, - деді өңір басшысы.
Резервшілермен кездесуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Медет Амралинов, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент басшысы Асхат Искендиров, бейне байланыс режимінде қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты.Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Облыстың бас ғимаратына алғаш келгендерге ахуалдық-талдау орталығының жұмысы көрсетілді.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -