Павлодар облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Павлодар қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының және М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайының қолдауымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының (ЖЕЖ) облыстық штабымен еріктілердің, мектеп оқушыларының, колледждердің және ЖОО студенттерінің қатысуымен «Jasyl school» дөңгелек үстелі өткізілді.
Дөңгелек үстел аясында қатысушылар экологиялық волонтерлік саладағы өзекті мәселелерді талқылап, өз қолдарымен құстарға үй жасау, қақпақ және макулатура жинау арқасында балалар үйлеріне көрсетілетін көмек бойынша жетістіктерімен бөлісті, сондай-ақ жалғыз тұратын адамдарға үй алды ауласын қардан, жапырақтардан тазартуға көрсетілетін көмек жайында айтылды.
Сонымен қатар, қатысушылар «Жаңажылдық ойыншық» жобасын атап өтті, оның аясында оқушылар өз қолдарымен жаңажылдық ойыншықтар жасап, балалар үйлеріне апарады, мектеп ішінде жәрмеңкелер өткізеді.
Аталған іс-шара Павлодар облысының жастарына эколо-гиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық өмір салтын насихаттау, жастарды тұрақты өткізілетін экологиялық акцияларға тарту және қоршаған ортаны зерттеуге оң көзқарасты қалыптастыру бойынша білім беруге бағытталған.
Мұндай іс-шараның басты мақсаттарының бірі-қарым-қатынас құру, командалық рухты нығайту, құндылық белгілерін қалыптастыру болып табылады.
Жалпы, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде 2024 жылы «Жасыл ел» ЖЕЖ 30-дан астам экологиялық іс-шара өткізіп, 2 тоннаға жуық түрлі пластик, шыны, металл және қайта өңделмейтін қалдықтар сияқты қоқыс түрлерін жинады
Толық ақпаратты @ jasylel_pvl әлеуметтік желі парақшалардан және 87002945464 нөмірі бойынша алуға болады: Краскова Арина, Павлодар облыстық «Жасыл ел» штабының командирі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -