Павлодарда «Бірлік-единство.kz» атты жастар форумы өтті
Бүгін облыс әкімі Асайын Байханов «Бірлік-единство.kz» жастар форумына қатысты.
Биыл аталмыш форум 10-шы мәрте өткізілуде. Достық үйінде «Ассамблея жастары» белсенділері, этномәдени бірлестіктердің жастары, жастар ұйымдарының өкілдері, жас мемлекеттік қызметкерлер, студенттер кездесті.
Өңір басшысы, өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Асайын Байханов форумға қатысушыларды құттықтап, облыстық «Бірлік-Единство.kz» форумының 10 жыл бойы жастар үшін белсенді диалог алаңына және Павлодар облысы Ассамблеясының визит картасына айналғанын атап өтті. Облыс әкімі жастардың қоғамдық келісімді нығайтудағы және «Әртүрліліктегі бірлік» қағидатын дамытудағы рөлін атап өтті.
- Тек бірлік пен келісімнің арқасында ғана біз дами аламыз. Мен облыстық жастар Ассамблеясының қызметін үнемі қадағалап отырамын және жастар бірлестігінің белсенді әрі нәтижелі жұмысын атап өткен жөн. Шығармашыл жастардың қатары көбейіп, жаңа жобалар ұсыныңыздар - мен оларды қолдауға әрдайым дайынмын - деді облыс әкімі.
Форум жұмысына ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Павлодар облысының «Жастар Ассамблеясы» РҚБ өкілдігінің төрағасы Рамиль Смаилов, «Аманат» партиясының ПОФ жанындағы жастар мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің төрағасы Айдар Құрымбаев қатысты.
Ашық диалог форматында өткен форумда жастар келесідей сауалдар қойды: біздің елімізде жастарды дамыту үшін қандай жаңа жобалар мен шаралар іске асырылатын болады, жасанды интеллект - пайда немесе қауіп, 10 жылдан кейін жастар саясаты қалай болады. Сондай-ақ, «Ассамблея жастары» РҚБ белсенділері бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлі мен волонтерлік қызмет туралы ойларымен бөлісті.
Форумда жастар этномәдени бірлестіктерінің жобалар көрмесі белсенді жұмыс істеді. Робототехника бойынша халықаралық конкурстардың лауреаты Никита Сидоров AJPVL.KZ ақпараттық платформасын таныстырды. Семей қаласынан Әнет Тұрсынжан «Оner» аддитивті технологиялар орталығын таныстырды.Форум 2025 жылы Ассамблеяның құрылғанына 30 жыл толуы аясындағы жалпы міндеттерді айқындаумен аяқталды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -