Павлодарда Қазақстанның өкілді билігінің 30 жылдығына арналған «Мәслихаттарға 30 жыл: көппартиялық - аймақтық дамудың негізі» атты өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Іс-шараға облыс әкімі Асайын Байханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ернұр Айткенов пен Алтынбек Нұхұлы, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев және әртүрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты.
Өңір басшысы қазіргі депутаттар, сондай-ақ, өткен шақырылымдардың депутаттары алдында сөйлеген сөзінде мәслихат жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі негізгі институттардың бірі екенін атап өтті.
- Соңғы жылдары мәслихаттар жүйесінде түбегейлі жаңғырту және трансформация жүргізілді. Ауқымды өзгерістердің нәтижелерінің бірі саяси бәсекелестіктің күшеюі болды.Өзінің 30 жылдық тарихында Павлодар облыстық мәслихатының 8 шақырылымы өңірдің дамуына және оның тұрғындарының өмірін жақсартуға елеулі үлес қосты, - деді облыс әкімі.
Ел мәслихаттарының мерейтойына орай бірқатар жерлесіміз «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығы», «Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен, «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» белгісімен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Олардың қатарында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ернұр Айткенов, мемлекеттік қызмет ардагері Бақыт Бексейітова, облыстық мәслихат ардагері Владимир Берковский және әртүрлі деңгейдегі депутаттар бар.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -