Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақсу қаласына барып қайтты
Сапар барысында өңір басшысы бірқатар нысандарды жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді, қаланы жылу беру маусымына дайындау жұмыстарымен танысты.Үштерек ауылында облыс әкімі «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан кірме жолдың күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Мұнда 7 км жол төсемі жаңартылды. Жұмыстар толығымен аяқталды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін ауылда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді. Қазір мұнда іргетасы қаланып, инженерлік желілерді тарту жұмыстары басталды.Ақсудың 2 ауылында 21,3 км көше жарығының желілері жаңартылып, 18,4 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Жалпы ұзындығы 13,5 км болатын Үштерек, Дөнентаев, Көктерек, Еңбек және Бөріктал ауылдарының кірме жолдары жөнделді. Келесі жылы тағы 7 ауылдың 9 км жуық жолын асфальттау жоспарлануда, осылайша, ауылдардың кірме жолдарын 100%-ға дейін қамту жоспарлануда.Сонымен қатар, биыл ауылдық аймақтарда 5 денешынықтыру-сауықтыру кешені және 1 мәдени-сауық орталығы салыну керек, алайда, аталмыш жобалардың бір бөлігін мерзімінде аяқтамау тәуекелі бар.Асайын Байханов «Ауыл ел бесігі» бағдарламасын іске асыру мыңдаған ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік бергенін және өңір тұрғындары үшін маңызды екенін атап өтті. Бағдарлама жобаларын уақытылы әрі сапалы түрде іске асыру жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады.- Қойылған міндеттерді орындамау, мерзімдерді сақтамау, ең бастысы осындай әлеуметтік маңызы бар жобалардың іске асырылуын күтіп отырған тұрғындардың үмітін ақтамау – бұл кез келген деңгейдегі басшының жұмыстан босатылуына әкеледі, - деді облыс әкімі және жұмысқа деген көзқарасты өзгертуді, кешендердің құрылысын 2025 жылдың бірінші жартысына дейін аяқтау міндетін қойды.Одан кейін өңір басшысы Ақсу қаласындағы «Достық» стадионының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Мұнда қоршаулары мен трибуналары бөлшектеліп, ішкі бөлмелерін әрлеу жұмыстары жүргізілуде, киім ауыстыратын бөлмелері, душ, жарықтандыру қайта жабдықталды, футбол алаңының жаңа жабынын, жүгіру жолдарын, ЛЕД-экранды және т.б. орнату үшін негіз дайындалды.Жаңартылған стадионнан басқа жақын арада Ақсуда өзінің мұз аренасы да пайда болады. Жаңа спорт алаңының құрылысы бірнеше жыл бұрын басталып, одан кейін жоба біраз уақытқа тоқтап қалған болатын. 2024 жылы облыстық бюджеттің қолдауымен оны іске асыру қайта жанданды. Қазір мұнда монолитті іргетас, металл құрылымдарға темірбетон негізі және ғимараттың қаңқасы орнатылды. Бүгінде шағын мұз аренасының негізін жасау, ішкі бөлмелерін кірпішпен бөлу, инженерлік желілерді, мұз алаңын желдету және кондиционерлеу, сондай-ақ, мұз алаңын суықпен қамтамасыз ету үшін технологиялық жабдықтарды сатып алу және монтаждау жұмыстары қалды. Құрылысты жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында облыс әкімі магистральдық және аула ішіндегі жылумен жабдықтау желілеріне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.Ақсудағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 99 км, тозуы - 64 % құрайды. Бұл аймақтағы жылу желілерінің тозуының ең төменгі деңгейі.2024 жылы 1,8 км магистральдық және 2,5 км аула ішіндегі желілер жаңартылуда, бұл 10 мыңнан астам қала тұрғындарының үйлеріндегі гидравликалық режимді жақсартуға мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда мердігер тозығы жеткен құбырларды бөлшектеп, қозғалмайтын тіректерін орнату және жаңа құбырларды тарту жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда, одан кейін мамандар жаңа желілерді жуып, сынақтан өткізеді.Биылғы жылы моноқалада № 14 және № 15 шағын аудандарының 15,5 км жолдарын реконструкциялау бойынша үш жылдық жоба аяқталады. Жаяу жүргіншілер жолдары мен веложолдар жасалуда. Бұған дейін жаңадан салынған ауданның тұрғындары үшін жаңбыр мен қардың еруі кезінде айтарлықтай қиындықтар туындайтын, жаяу түгілі автокөлікпен жолсыз жүру қиын болатын. Қазір мұнда жұмыстардың 80%-ға жуығы орындалды, барлық көшелерді қыркүйек айының соңына дейін асфальттау жоспарлануда.
Өңір басшысы абаттандырумен қатар білім беру мекемелерін жөндеу барысын тексерді. Биыл Ақсудағы №16 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілді. 250 балаға арналған балабақшаға жаңа терезелер орнатылып, барлық ішкі және сыртқы есіктер ауыстырылды, ас үй, бассейн және ғимараттың қасбеті жөнделді.Сондай-ақ, Асайын Байханов 1200-ден астам бала білім алатын Ы. Алтынсарин атындағы мектепке барды. Оқу орнының ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді: терезелерін, есіктерін, инженерлік коммуникацияларын, кабинеттерді және басқа да үй-жайларды жаңарту қажет.Облыс әкімі барлық қажетті есептерді әзірлеп, ERG компаниясымен меморандум аясында жөндеу бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімі жұмыстарды сапалы және мерзімінде орындауға баса назар аудара отырып, барлық іске асырылып жатқан жөндеу және абаттандыру жобаларын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -