Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен Дархан Дощанов Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Дархан Төлеуұлы 1976 жылы туған, жоғары білімді. Инновациялық Еуразия университетін «Агрономия» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша аяқтаған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2012 жылы Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып бастаған. Әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде бөлім басшысы болып қызмет етті.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін 2021 жылдан бастап Ақтоғай ауданының Ақжол ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Әлібек Дженалинов
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -