Облыстық ветеринария басқармасы жұмысын бастайды
Бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінің мәжілісі өтті. Шара барысында ауыл шаруашылығы басқармасынан ірге бөліп шыққан жаңа ведомствоға Рамиль Сағындықов басшы болып тағайындалды. Ажар Қаджыбекова ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып қызметін жалғастырады.
– Ветеринария саласы бойынша сұрақтар әлі де бар. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. Шындап келгенде, ветеринария дегеніміз ұлт саулығымен тығыз байланысты сала, – деді облыс әкімі.
Бұл ұтымды шешім болғанын атап өткен өңір басшысы Ермек Көшербаев алдағы уақытта басқармалардан нақты нәтиже күтетінін айтты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -