ОЛИМПИАДА-2024: СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ҚҰРАМЫНДА
ОЛИМПИАДА-2024: СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ҚҰРАМЫНДА
Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына Сәтбаев университетінің 3-курс студенті Александра Ле қатысып, Қазақстанның намысын қорғауда.
Жобаларды басқару институтында Бизнес инжиниринг мамандығы бойынша білім алып жүрген Александра оқ атудан қазақстандық ұлттық құрама құрамында. Ұлттық құрама Францияның Шатору қаласына орналасты.
Мұндағы нысана көздеу орталығында 27 шілде мен 5 тамыз аралығында нысана көздеу мен стенд атудан 15 жүлде жиынтығы үлестіріледі.
28 шілде күні Александра Ле пневматикалық винтовкадан 10 метрге оқ ату бойынша алғашқы жарысқа қатысады.
Александраға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -