Парламент Сенатының депутатымен кездесу
Бүгін Бас прокуратурада Парламент Сенатының депутаты, Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бибигүл Жексенбаймен кездесу өтті.
Кездесу барысында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы айқындаған идеологияның жаңа бағдары талқыланды.
Осы қоғамда өзара құрмет пен сенімді нығайтудың, әрқашан және барлық жерде Заң мен Тәртіпті сақтаудың, негізгі құндылықтарды ұрпақ санасына сіңірудің маңыздылығы, олардың ел дамуы жолында ерекше орыналатыны, сондай-ақ тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және әскери-патриоттық іс-шараларды жүргізуге негіз болатыны атап айтылды.
Сонымен қатар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының талаптарына сәйкес қоғаммен және масс-медиамен жұмысты ұйымдастыру бағыттары жөнінде пікір алмасу болды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -