Павлодар облысының әкімі жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданына барып қайтты
Асайын Байханов ең алдымен көктемгі су тасқыны салдарынан 14 үй зардап шеккен Жалаулы ауылына барды. Олардың бесеуі комиссияның шешімімен тұруға жарамсыз деп танылды.Аймақ басшысы биік жерге салуды тапсырған тұрғын үйлердің сапасын тексерді.Үйлердің құрылысы сәуір айының басында басталды. Құрылыста 30 адам және 2 бірлік техника жұмыс істеуде. Қазір барлық 5 үйдің қабырғалары бой көтерді. Екі үйде жұмыстар 90% орындалды, бөлмелерді әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған үйлерде жұмыстар жалғасуда.5 жаңа үйдің құрылысына қаражатты ERG тобы бөлді.Облыс әкімі үйлерді толығымен аяқтап, адал тапсыруды тапсырды.- Мен үшін үйлерді жерлестері алдында парызы мен жауапкершілігін сезінетін осы аудандағы жауапты кәсіпкердің салуы маңызды болды. Үйлер жылыту, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Құрылысшылар заманауи және сапалы құрылыс материалдарын пайдалануда. Жаңа тұрғын үйлердің кілттерін иелеріне осы жылдың шілде айында табыстауды жоспарлап отырмыз, - деді өңір басшысы.Аймақ алғашқылардың бірі болып, 28 наурыз бен 12 сәуір аралығында су тасқыны кезінде мүлкі әртүрлі дәрежеде зардап шеккен облыс тұрғындарынан түскен барлық 125 өтінім бойынша өтемақы төледі.Сондай-ақ, Асайын Байханов жұмыс сапары барысында аудандағы дезинсекциялық іс-шараларды тексерді.6 мамырда табиғатты қорғау мақсатында су жіберу аяқталды. Ақтоғай ауданындағы жайылманың 81% су басты, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе артық. Аудан бойынша әуеден өңделетін аумақ та 20 мың га дейін ұлғайтылды.Биылғы жылы шыбын-шіркеймен күрестегі жаңалық мердігердің жету қиын жерлерде өңдеуді күшейту мақсатында 500-800 метр қашықтықты қамтитын екі қуатты аэрозоль генераторын сатып алуы болды. Қондырғылар мердігердің өз қаражаты есебінен сатып алынды және қажет болған жағдайда бүкіл аймақ бойынша пайдаланылатын болады.Әуеден өңделетін алқаптардың жиектерін өңдеу 23 сәуірден, ал, әуеден өңдеу 5 мамырдан басталды. Бүгінгі күні жоспарланған 52 ұшудың 12-сі орындалды, биологиялық препаратпен 4,6 мың га аумақ өңделді.17 мамырдан бастап Ақтоғай, Приреченск, Мүткенов, Қожамжар, Қайнар ауылдарында тосқауылды өңдеу басталды. Ғылыми топтың ұсынымдарына сәйкес аудандағы барлық 17 жағалау бойында орналасқан ауылдарды - Қараой, Жамбыл, Қайнар, Қожамжар, Приреченск, Ақтоғай, Жоламан, Әбжан, Мүткенов, Естай, Жаңабет, Жаңатап, Исантерек, Жаңауыл, Қараоба, Әуелбек, Өтес ауылдарын тосқауылмен қамту жоспарлануда.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -