Плоггинг: Астанада жүгіру мен қоқыс жинауды біріктіретін экоакция өтті: Астана қаласы, 07 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Плоггинг: Астанада жүгіру мен қоқыс жинауды біріктіретін экоакция өтті

Бүгін елордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында плоггинг форматында жүгіру марафоны өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мұнда ыңғайлы жүгіру аяқ киімі мен арнайы қолғап киген «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы волонтерлері қоқыс дорбаларын ұстап, заманауи спорттық-экологиялық трендтегі шараға белсене қатысты.

100-ден астам ерікті осы игі іске атсалысып, бірнеше сағаттың ішінде Есіл өзенінің жағалауын қоқыстан тазалап шықты. Қатысушылар мүмкіндігінше көп қоқыс жинауға тырысты.

«Бұл іс-шараның мақсаты – халық арасында экологиялық белсенділікті дамыту және салауатты өмір салты мен плоггингті кеңінен насихаттау. Бүгін 150 қап қоқыс жиналды. Астанадағы қолайсыз ауа райына байланысты іс-шарамыз тек 1 сағатқа созылды. Есіл ауданы әкімдігі қатысушыларды автобуспен, арнайы қолғап, қаптармен қамтамасыз етті. Жалпы Jasyl еl еңбек жасағы ұйымы биыл қалада 20-ға жуық акция өткізуді жоспарлап отыр. Оның біріншісі осыдан бірнеше күн бұрын Байқоңыр ауданында өтті. Бүгін екіншісі ұйымдастырылды», - деді «Республикалық студенттік құрылыс және еңбек жасақтары қозғалысы» қоғамдық қорының төрағасы Марат Мұхамеджанұлы.

Бүгінгі игілігі мол іс-шараны Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Есіл ауданы әкімдігі ұйымдастырды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық іс-шаралар алдағы уақытта да жиі өткізіліп тұрады.

Айта кетсек, плоггинг бұл – жүгіру мен қоқыс жинауды біріктіретін экоқозғалыс.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Бүгін елордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында плоггинг форматында жүгіру марафоны өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мұнда ыңғайлы жүгіру аяқ киімі мен арнайы қолғап киген «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы волонтерлері қоқыс дорбаларын ұстап, заманауи спорттық-экологиялық трендтегі шараға белсене қатысты.

100-ден астам ерікті осы игі іске атсалысып, бірнеше сағаттың ішінде Есіл өзенінің жағалауын қоқыстан тазалап шықты. Қатысушылар мүмкіндігінше көп қоқыс жинауға тырысты.

«Бұл іс-шараның мақсаты – халық арасында экологиялық белсенділікті дамыту және салауатты өмір салты мен плоггингті кеңінен насихаттау. Бүгін 150 қап қоқыс жиналды. Астанадағы қолайсыз ауа райына байланысты іс-шарамыз тек 1 сағатқа созылды. Есіл ауданы әкімдігі қатысушыларды автобуспен, арнайы қолғап, қаптармен қамтамасыз етті. Жалпы Jasyl еl еңбек жасағы ұйымы биыл қалада 20-ға жуық акция өткізуді жоспарлап отыр. Оның біріншісі осыдан бірнеше күн бұрын Байқоңыр ауданында өтті. Бүгін екіншісі ұйымдастырылды», - деді «Республикалық студенттік құрылыс және еңбек жасақтары қозғалысы» қоғамдық қорының төрағасы Марат Мұхамеджанұлы.

Бүгінгі игілігі мол іс-шараны Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Есіл ауданы әкімдігі ұйымдастырды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық іс-шаралар алдағы уақытта да жиі өткізіліп тұрады.

Айта кетсек, плоггинг бұл – жүгіру мен қоқыс жинауды біріктіретін экоқозғалыс.

Аймақтағы жаңалықтар