Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Бурабай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Мерей Рамазан Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. 2023 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде басқарма басшысы болды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -