Прокуратура қызметкерлерінің қатарын 150 болашақ офицер толықтырды
Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында прокуратурада қызмет ету үшін алғашқы кәсіби даярлықтан өткен тыңдаушылардың кезекті түлектерін шығарып салу рәсімі өтті.Түлектерді салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Б.Н. Асылов құттықтады.Берік Асылов өз сөзінде адамдардың тағдыры олардың шешімдеріне байланысты болатынын атап айтып, жас заңгерлерді қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруға, кәсібилік пен еңбекқорлық танытуға шақырды, өйткені заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – Әділетті Қазақстан құрудың басты шарты болып табылады.Оқыту қорытындысы бойынша 150 болашақ прокурор курсты аяқтағаны туралы сертификат алды, олардың 10-ын оқудағы үздік нәтижелері үшін Бас Прокурор марапаттады.Түлектер жақын арада прокурорлардың функцияларын толық орындауға кіріседі, себебі оларда әртүрлі қауіптер мен сын-қатерлерге жауап беруге мүмкіндік беретін заманауи білім бар. Алынған дағдылар елдегі заңдылықты, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолданылатын болады.Прокуратураға кандидаттар үшін алғашқы кәсіптік даярлық институты Қазақстанда 2020 жылдан бері жұмыс істейді және бүгінде Академия қызметінің негізгі бағыттарының біріне айналды.Академияға түсу туралы ақпарат алу үшін https://academy-gp.kz (https://academy-gp.kz/) сілтемесі арқылы өтуге болады.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -