ҚР ҰЭМ жанындағы жұмыс тобы кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады
2024 жылғы 15 қарашада «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Эрик Жамбыловтың төрағалығымен мемлекеттік органдар, бизнес және кәсіподақтар өкілдерінің қатысуымен БҰҰ-ның басшылық қағидаттарын ескере отырып, кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырыс барысында Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының өкілі Дина Масанова БҰҰ-ның басшылық қағидаттарын ұсынды, онда басты назар мемлекеттің адам құқықтарын қорғаудағы рөліне аударылады және жүргізілген ұлттық базалық бағалауға негізделген қолданыстағы қорғау тетіктерін жақсарту бойынша ұсынымдар берілді.
Іс-шараның күн тәртібінде сондай-ақ жұмыс орындарында адам құқықтарының бұзылуын болдырмау жөніндегі шаралар кешені, оның ішінде ағымдағы заңнамалық бастамалар мен оларды енгізу жөніндегі практикалық қадамдар қаралды. Қолданыстағы кедергілер анықталып, оларды жою үшін кәсіподақтармен тығыз ынтымақтастықты көздейтін бағыттар ұсынылды.
Жұмыс тобының мүшелері заңнаманы жетілдіру әрі кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарын қорғауға бағытталған практикалық шараларды жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі. Бұзушылықтардың алдын алу үшін қосымша бастамалар, сондай-ақ іске асырылып жатқан шаралардың тиімділігін бағалауға көмектесетін бақылау мен мониторинг тетіктері ұсынылды.
Жұмыс тобы адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарына негізделген қауіпсіз және әділ бизнес-ортаны құруға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмысты алдағы уақытта да жалғастырады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -