Ресей Қазақстанға «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2025 жылға арналған ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарын ұсынды
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1999 жылғы 18 қарашадағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтан өткізу жоспарлары бойынша қорытынды (келісім) беру және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Ресей тарапы дипломатиялық арналар арқылы 2025 жылға арналған Ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарын тапсырды.
2025 жылы ұшырылымдар келесідей болады:
* Ресей Федерациясының "Ресейдің ғарыштық қызметі"мемлекеттік бағдарламасы;
* халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары;
* коммерциялық жобалар.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұсынылған жоспарда әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыру, сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтан өткізу жоқ екенін хабарлады.
Ұсынылған жоспар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ғарыш саласындағы тығыз ынтымақтастықтың жалғасуын, сондай-ақ халықаралық ашықтық нормалары мен қағидаттарының сақталуын көрсетеді.
ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -