Республика күні құтты болсын!: Астана қаласы, 25 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Республика күні құтты болсын!

Республика күні құтты болсын!

Республика күні құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді еліміздің тарихындағы ең маңызды дата – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.

1990 жылы 25 қазанда Тәуелсіз Қазақстанның одан әрі саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының негізіне айналған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды.

Декларация қабылданғаннан бері еліміз ұзақ жолдан өтті: тұрақты экономикалық жүйе құрылды, әлеуметтік институттар нығая түсуде, адам құқықтары саласы мен азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру бағытында белсенді жұмыстар атқарылып жатыр, экономиканы ілгерілетуге көп көңіл бөлінуде.

Қазақстанның мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалог алаңы ретінде халықаралық мойындалуы біздің бітімгершілік бастамалар немесе интеграциялық жобалар ұйымдастырудағы жаһандық үдерістердегі рөлімізді айғақтайды.

Республика күні – еліміздің одан әрі дамуындағы ортақ жауапкершілігіміздің символы. Қазіргі Қазақстанның қалыптасуында әрбір азаматтың, әрбір буынның үлесі маңызды. Бүгін біз тұрақты және әділетті ел құру жолында күш-жігеріміздің нақты нәтижелер әкеліп жатқанын көріп отырмыз: Қазақстан аймақтағы тұрақтылықтың, бейбітшілік пен гүлденудің символы болып қала береді.

Өз кезегінде, біз Қазақстанның тұрақты дамуы адам құқығы, заң үстемдігі мен азаматтардың бостандықтары сақталған жағдайда ғана мүмкін болатынына кәміл сенімдіміз және осы мұраттардың жүзеге асуы үшін бар күш-жігерімізді салуды жалғастыра береміз.

Баршаңызға бейбітшілік, амандық, еліміздің болашағы жарқын болуын тілеймін. Бұл мереке бізге құқықтық және әділ Қазақстанның игілігі үшін одан әрі еңбек етуге серпін береді!

Құрметпен,Адам құқытары жөніндегі уәкілАртур Ластаев

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді еліміздің тарихындағы ең маңызды дата – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.

1990 жылы 25 қазанда Тәуелсіз Қазақстанның одан әрі саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының негізіне айналған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды.

Декларация қабылданғаннан бері еліміз ұзақ жолдан өтті: тұрақты экономикалық жүйе құрылды, әлеуметтік институттар нығая түсуде, адам құқықтары саласы мен азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру бағытында белсенді жұмыстар атқарылып жатыр, экономиканы ілгерілетуге көп көңіл бөлінуде.

Қазақстанның мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалог алаңы ретінде халықаралық мойындалуы біздің бітімгершілік бастамалар немесе интеграциялық жобалар ұйымдастырудағы жаһандық үдерістердегі рөлімізді айғақтайды.

Республика күні – еліміздің одан әрі дамуындағы ортақ жауапкершілігіміздің символы. Қазіргі Қазақстанның қалыптасуында әрбір азаматтың, әрбір буынның үлесі маңызды. Бүгін біз тұрақты және әділетті ел құру жолында күш-жігеріміздің нақты нәтижелер әкеліп жатқанын көріп отырмыз: Қазақстан аймақтағы тұрақтылықтың, бейбітшілік пен гүлденудің символы болып қала береді.

Өз кезегінде, біз Қазақстанның тұрақты дамуы адам құқығы, заң үстемдігі мен азаматтардың бостандықтары сақталған жағдайда ғана мүмкін болатынына кәміл сенімдіміз және осы мұраттардың жүзеге асуы үшін бар күш-жігерімізді салуды жалғастыра береміз.

Баршаңызға бейбітшілік, амандық, еліміздің болашағы жарқын болуын тілеймін. Бұл мереке бізге құқықтық және әділ Қазақстанның игілігі үшін одан әрі еңбек етуге серпін береді!

Құрметпен,Адам құқытары жөніндегі уәкілАртур Ластаев

Аймақтағы жаңалықтар