Өңірге инвестиция тарту мәселесі талқыланды: Ақтөбе облысы, 22 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Өңірге инвестиция тарту мәселесі талқыланды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірге инвестиция тарту және Ақтөбеде арнайы экономикалық аймақ пен Хромтау ауданында индустриалдық аймақ құру мәселелері қаралды.

Жиында баяндама жасаған Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков облыстың тауар айналымы бірінші жартыжылдықта 2,1 трлн теңгені құрағанын алға тартты. Ресей, Қытай, Нидерланды және тағы басқа елдермен белсенді ынтымақтастық орнаған. Бұдан бөлек, облыс – біраз тауарлардың кіріс-шығысы бойынша республикалық деңгейде бірінші орында.

Облыста импортты алмастыруға баса назар аударылған. Жыл сайын 1,5 млрд. АҚШ долларынан астам қаражатқа тауарлар импортталуда.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар шамамен 600 млрд. теңге. Биыл бірінші жартыжылдықта тікелей тартылған шетелдік инвестициялар ағыны 174,5 млн АҚШ долларын құрады. Өңірге инвестиция тартуға, салалық көрсеткіштің ұлғаюына әуежай жақта құрылатын жаңа арнайы экономикалық аймақ және Хромтаудағы индустриялық аймаққа оң ықпал етпек.

«ҚР Премьер-Министрінің өңірге жұмыс сапары барысында арнайы экономикалық аймақтың құрылатыны жөнінде баяндадық. Бұл бастама Үкімет басшысы тарапынан толық қолдау тапты. Сондықтан, бұл жоспарды жеделтетіп, тиянақты түрде аяқтау қажет. Өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуын жетілдіру мақсатында арнайы экономикалық аймақты құру, нақты және өңірге керек жобаларды жүзеге асыру маңызды. Ал, Хромтау ауданында индустриялық аймақ құру – бұл Үкімет басшысының тікелей тапсырмасы», - деген Асхат Шахаров тапсырманы орындау үшін шаралар қабылдауды жауапты басшыларға тапсырды.

Ә.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай аумағында құру жоспарланған арнайы экономикалық аймақтың аумағы 858 гектарды құрайды. Негізгі бағыттары логистика және өнеркәсіп.

Ал Хромтаудағы индустриялық аймақ бойынша 150 гектар жер бекітілді және қажетті инфрақұрылымы айқындалды. Тұжырымдама әзірленді, ендігі кезекте жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар