Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары!
2024 жылғы 3 шілдеде сағат 10-00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалық етуімен облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтеді.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, №108 конференцзал.
Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.
Тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, 2 шілдеге дейін қағаз немесе электрондық түрде өтініш беруге болады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.
Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде
поштасына жіберуге болады.Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -