Родина ауылында «Родина» агрофирмасының оң тәжірибесін тарату мақсатында семинар-кеңес өтті: Астана қаласы, 05 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Родина ауылында «Родина» агрофирмасының оң тәжірибесін тарату мақсатында семинар-кеңес өтті

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Ақмола облысы Целиноград ауданының Родина ауылына жұмыс сапарымен барды. Онда вице-министр «Родина «Агрофирма» ЖШС қызметімен танысып, еліміздің барлық өңірлерінде аталмыш компанияның оң тәжірибесін тарату бойынша семинар-кеңес өткізді.

Шараға ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, барлық өңірдің экономика және ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, өз ауылдарын табысты дамытып жатқан бизнес өкілдері, осы ауылдардың әкімдері және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

Вице-министр өз сөзінде атап өткендей, қазіргі жағдайда агробизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ауылдық аумақтарды орнықты дамытудың маңызды элементіне айналуда.

«Родина» Агрофирма» ЖШС тәжірибесі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық мақсаттарды әлеуметтік жауапкершілікпен тиімді үйлестіре білуінің айқын көрінісі болып табылады. Бұл жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді», - деді Б. Омарбеков.

Өз кезегінде компанияның бас директоры Иван Сауэр қатысушыларға агрофирма жүзеге асырып жатқан маңызды жобаларды ұсынып,  бизнестің ауылдың дамуына қосқан үлесін айқын көрсетті.

Жиында ауылды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар да талқыланды. Қатысушыларға ауыл кәсіпкерлеріне ұзақ мерзімді өсу мен тұрақты даму үшін көбірек мүмкіндіктер беретін жеңілдетілген несиелендіру және ауыл шаруашылығы кооперациясына салықтық преференциялар сияқты мемлекеттік қолдаудың перспективалық бағыттары ұсынылды.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылар озық тәжірибені бейімдеу мен ауылдық аймақтарда инфрақұрылымдық әрі әлеуметтік жобаларды құруға бағытталған ұсыныстар әзірледі. Қабылданған шешімдер «Родина» Агрофирма» ЖШС оң тәжірибесін республиканың барлық аймақтарында тарату бойынша Жол картасына енгізіледі.

Ақпарат көзі: Министерство национальной экономики Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Ақмола облысы Целиноград ауданының Родина ауылына жұмыс сапарымен барды. Онда вице-министр «Родина «Агрофирма» ЖШС қызметімен танысып, еліміздің барлық өңірлерінде аталмыш компанияның оң тәжірибесін тарату бойынша семинар-кеңес өткізді.

Шараға ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, барлық өңірдің экономика және ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, өз ауылдарын табысты дамытып жатқан бизнес өкілдері, осы ауылдардың әкімдері және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

Вице-министр өз сөзінде атап өткендей, қазіргі жағдайда агробизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ауылдық аумақтарды орнықты дамытудың маңызды элементіне айналуда.

«Родина» Агрофирма» ЖШС тәжірибесі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық мақсаттарды әлеуметтік жауапкершілікпен тиімді үйлестіре білуінің айқын көрінісі болып табылады. Бұл жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді», - деді Б. Омарбеков.

Өз кезегінде компанияның бас директоры Иван Сауэр қатысушыларға агрофирма жүзеге асырып жатқан маңызды жобаларды ұсынып,  бизнестің ауылдың дамуына қосқан үлесін айқын көрсетті.

Жиында ауылды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар да талқыланды. Қатысушыларға ауыл кәсіпкерлеріне ұзақ мерзімді өсу мен тұрақты даму үшін көбірек мүмкіндіктер беретін жеңілдетілген несиелендіру және ауыл шаруашылығы кооперациясына салықтық преференциялар сияқты мемлекеттік қолдаудың перспективалық бағыттары ұсынылды.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылар озық тәжірибені бейімдеу мен ауылдық аймақтарда инфрақұрылымдық әрі әлеуметтік жобаларды құруға бағытталған ұсыныстар әзірледі. Қабылданған шешімдер «Родина» Агрофирма» ЖШС оң тәжірибесін республиканың барлық аймақтарында тарату бойынша Жол картасына енгізіледі.

Аймақтағы жаңалықтар