Самар және Марқакөл аудандарында оқыту семинарын өткізу туралы
2024 жылғы 23-25 қыркүйек күндері облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Ж.А. Алканова және комиссия мүшесі А.Т. Орузбаева учаскелік референдум комиссиясының мүшелері үшін Самар және Маркакөл аудандарында оқыту семинарларын өткізді.
Семинар барысында үгіт жүргізу, ақпараттандыру, байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің республикалық референдумға қатысуы, сондай-ақ сайлаушылар-мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Әдістемелік көмек көрсету мақсатында Самар және Маркакөл аудандарының референдум учаскелеріне бару ұйымдастырылды.
Шығыс Қазақстан облыстық референдум комиссиясы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -