Сауда орталықтардың орнына скверлер абаттандыру, аулаларды толықтай жаңарту: Нұра ауданында қандай жұмыстар жүргізілуде?: Астана қаласы, 01 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Сауда орталықтардың орнына скверлер абаттандыру, аулаларды толықтай жаңарту: Нұра ауданында қандай жұмыстар жүргізілуде?

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елорданың Нұра ауданында абаттандырылған жаңа балалар алаңы пайдалануға тапсырылды. Жөндеу барысында балалар алаңы жаңартылып, work out аумағы және үй аумағы абаттандырылып, шыршалар егілді. Қыз Жібек,32 мекен-жайында орналасқан аулада жөндеу жұмыстары “Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында өтті.

Биыл аудан бойынша барлығы 17 аула жаңартылса, 65-інде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек. Толықтай абаттандыру жұмыстары жоспарланған аулаларда жаңа шағын сәулеттік формалар мен спорттық жабдықтар орнатылып, брусчатка ауыстырылады, аула ішіндегі аумақтар асфальтталып, жарықтандыру қалпына келтіріліп, жасыл желектер отырғызылады.

Бұдан бөлек, Жағалау ықшам ауданында 18 гектар аумақты кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс аясында 2 қоғамдық кеңістік пен 7 ойын алаңы абаттандырылады. Жол инфрақұрылымын жақсарту үшін 20 бейнебақылау камерасы, 150 саябақ жарықтандыру бағаналары, 150 қосымша тұрақ орны абаттандырылып, 9 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолы желісі жөнделіп, салынады. Абаттандыру аймағы мен іргелес көшелердің бойына 1125-ке жуық ағаштар отырғызылды. Мұндай ауқымды жұмыстар 10 мыңнан астам астаналық тұратын 19 үйдің ауласында жүргізілуде.

Жалпы биыл Нұра ауданында 3 сквер абаттандырылады. Оның ішінде көгалдандырылған 2 қоғамдық кеңістік Тұран даңғылында, бұрын сауда орталықтарының құрылысы жоспарланған учаскелерде пайда болады. Ал маусым айында ЕК-32 көшесінде түркмендік ақын Махтумкулидің ескерткіші орнатылған қоғамдық кеңістіктің абаттандырылуы аяқталады.

Ағымдағы жылы Астанада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыстармен қаланың барлық аудандары, оның ішінде тұрғын алаптары қамтылған. Жұмыстың бір бөлігі аяқталды.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елорданың Нұра ауданында абаттандырылған жаңа балалар алаңы пайдалануға тапсырылды. Жөндеу барысында балалар алаңы жаңартылып, work out аумағы және үй аумағы абаттандырылып, шыршалар егілді. Қыз Жібек,32 мекен-жайында орналасқан аулада жөндеу жұмыстары “Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында өтті.

Биыл аудан бойынша барлығы 17 аула жаңартылса, 65-інде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек. Толықтай абаттандыру жұмыстары жоспарланған аулаларда жаңа шағын сәулеттік формалар мен спорттық жабдықтар орнатылып, брусчатка ауыстырылады, аула ішіндегі аумақтар асфальтталып, жарықтандыру қалпына келтіріліп, жасыл желектер отырғызылады.

Бұдан бөлек, Жағалау ықшам ауданында 18 гектар аумақты кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс аясында 2 қоғамдық кеңістік пен 7 ойын алаңы абаттандырылады. Жол инфрақұрылымын жақсарту үшін 20 бейнебақылау камерасы, 150 саябақ жарықтандыру бағаналары, 150 қосымша тұрақ орны абаттандырылып, 9 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолы желісі жөнделіп, салынады. Абаттандыру аймағы мен іргелес көшелердің бойына 1125-ке жуық ағаштар отырғызылды. Мұндай ауқымды жұмыстар 10 мыңнан астам астаналық тұратын 19 үйдің ауласында жүргізілуде.

Жалпы биыл Нұра ауданында 3 сквер абаттандырылады. Оның ішінде көгалдандырылған 2 қоғамдық кеңістік Тұран даңғылында, бұрын сауда орталықтарының құрылысы жоспарланған учаскелерде пайда болады. Ал маусым айында ЕК-32 көшесінде түркмендік ақын Махтумкулидің ескерткіші орнатылған қоғамдық кеңістіктің абаттандырылуы аяқталады.

Ағымдағы жылы Астанада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыстармен қаланың барлық аудандары, оның ішінде тұрғын алаптары қамтылған. Жұмыстың бір бөлігі аяқталды.

Аймақтағы жаңалықтар