САЯСАТ НҰРБЕК ҚАРАҒАНДЫ ӨҢІРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ТЕХНОПАРКТЕРІН АРАЛАДЫ
САЯСАТ НҰРБЕК ҚАРАҒАНДЫ ӨҢІРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ТЕХНОПАРКТЕРІН АРАЛАДЫ
2 тамыз күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында академик Е.А.Бөкетов атындағы зерттеу университетінің «BioHumus» ғылыми-білім беру орталығының бірегей ғылыми-оқу алаңдарының жұмыс процесімен танысты.
Университеттің биология-география факультетінің базасында 2022 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталықта экологиялық таза өнім өсірумен және жасыл тыңайтқыштар өндірумен айналысады. Министр «Botanika termo house» жерасты термос жылыжайына барды.
Жылыжайдың ерекшелігі – ол жер бетінде емес, 3,5-4 метр тереңдікте салынған, бұл еден мен қабырғаларды қыста суық ауамен және жазда ыстық ауамен жанасудан оқшаулауға мүмкіндік береді, сыртқы беттердің температурасын +5-10 градустан төмен емес ұстайды. Осының арқасында энергия мен жылу шығыны азаяды. Сонымен қатар қыста жылыту шығындары, ал жазда желдету және көлеңкелеу шығындары азаяды.
Бұл жағдайда өнімділік 2-3 есе артады. Саясат Нұрбек университеттің дендропаркіне де барды. Шамамен 2 гектар жерге 700-ден астам қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты өсімдіктер отырғызылды, оның ішінде 200 пирамидалық терек, 60 тал, сондай-ақ шырша, қайың, татар үйеңкі, жалпақ жапырақты үйеңкі, алма ағаштары, сирень, долана және жабайы алма ағаштары. Бөкетов университетіндегі тағы бір маңызды нысан – университет аумағында салынып жатқан «Akylbayev Research Center» ғылыми технопаркі.
Жалпы ауданы 2000 ш.м. құрайтын технопарк ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми жобаларды іске асыру үшін бастапқы алаңға айналады. Мұнда коммерцияландыру жобалық паркі, бизнес-инкубатор, ғылыми зертханалар, «StartUp» аумағы және басқа да ғылыми-зерттеу институттары орналасады. Заманауи жабдықтармен жабдықталған ғылыми кешенде ғалымдар, студенттер, магистранттар мен докторанттар ғылыми зерттеулер жүргізіп, инновациялық жобаларды әзірлей алады, бұл өз кезегінде ғылымның дамуына және университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Сапар соңында министр зерттеу университетінің инновация және даму орталығы ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, мұндай оқу орнын қолдау ғылыми әлеуетті нығайту мен озық технологияларды ілгерілетудің негізгі факторы болып табылатынын атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -