ШҚО-да 2024 жылы жолаушылар ағыны 25%-ға артты
2024 жылы ШҚО-да аймақ ішіндегі бағыттар бойынша жолаушылар ағыны 25%-ға артты. Бұл өсім мемлекет тарапынан көрсетілген субсидиялаудың нәтижесінде мүмкін болды. Жалпы, 40 миллионнан астам жолаушы тасымалданды. Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.Ағымдағы жылдың алғашқы 10 айында жолаушылар тасымалы саласында қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Осы кезеңде 59,4 миллион жолаушы тасымалданып, облыста көлік белсенділігінің жоғары деңгейін көрсетті. Тұрақты көлік қатынасы облыс аумағының 75%-ын қамтиды, бұл 318 елді мекеннің 226-сына қызмет көрсетеді.Тарифтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 168 бағыттың 150-і субсидияланады. 2024 жылы субсидиялауға 10,2 миллиард теңге бөлінді, бұл өткен жылғы 6,1 миллиард теңгемен салыстырғанда 40%-ға көп. Қаржыландыру келесідей бөлінді:• 9,6 миллиард теңге 147 автобус бағытына, оның ішінде қала ішіндегі, қала маңындағы және аудан ішіндегі бағыттарға;• 450 миллион теңге «Өскемен-1 – Алтай» және «Өскемен-1 – Риддер» бағытындағы екі теміржол бағытына бөлінді;• 187,1 миллион теңге «Өскемен – Зайсан» әуе бағытына жұмсалды.Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін жол жүруді қамтамасыз ету үшін 178,1 миллион теңге бөлінді. Бұл шара 5312 баланы қамтыды. Келесі жылы жеңілдіктер бағдарламасын кеңейту жоспарланып отыр, атап айтқанда, мемлекеттік дәрежедегі марапатталған көпбалалы аналарға тегін жол жүру құқығын беру көзделген.- Өскемен қаласында электронды билеттеу жүйесі мен көлікті «Oskemen bus» қосымшасы арқылы онлайн бақылау жүйесі қарқынды дамып келеді. 2021 жылдан бері Өскемен және Риддер қалаларында автобустар паркін жаңарту бағдарламасы іске асырылуда. 2024 жылы 195 автобус және 26 шағын автобус сатып алынып, көлік құралдарының 80%-ы жаңартылды, – деді Қуаныш Акрамов.Аймақта көлік инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. Қазіргі уақытта өңірде бір автобекет, жеті автостанция және төрт жолаушыларға қызмет көрсету пункті жұмыс істейді. «Өскемен-1 – Алтай» және «Өскемен-1 – Риддер» бағытындағы теміржол бағыттары жыл сайын 80 мыңнан астам жолаушыны тасымалдап, сұранысқа ие болып отыр.2024 жылдың желтоқсан айынан бастап жаңа халықаралық «Новосибирск – Риддер» теміржол бағыты іске қосылады, ол әр төрт күн сайын жүреді. Сонымен қатар, теміржол инфрақұрылымын жаңғырту аясында «Өскемен-1» вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық құжаттама дайындалып жатыр.Облыс орталығынан төрт ішкі және екі халықаралық әуе бағыты бар, жаз айларында Шымкент, Үржар және Анталияға қосымша рейстер қосылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -