ШҚО-да АПВ қарсы вакцинация басталады
ШҚО-да күзде адам папилломавирусына қарсы вакцинация басталады. Бұл туралы ШҚО ӨКҚ өткізген брифинг барысында ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина мәлім етті.
АПВ-ның 200 астам түрі бар, олардың кем дегенде он төрті жоғары онкогенді, шырышты қабаттар арқылы таралуы мүмкін және 95% жағдайда жатыр мойны обырын, сондай-ақ басқа да қатерлі ісіктерді (шамамен 5,2%) тудыруы мүмкін. Жатыр мойны обырының алдын алудың ең тиімді шарасы вакцинация болып табылады, ол 15 жылдан астам уақыт бойы әлемнің 135 елінен астам иммундау күнтізбесіне сәтті түрде енгізілді.
Әлемдегі оң тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Үкіметі 2024 жылы Ұлттық егу күнтізбесіне АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізді.
- 2024 жылдың 17 қыркуйегінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасында адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу туралы» №11 Қаулысы жарыққа шықты. Қаулыға сәйкес АПВ-ға қарсы профилактикалық екпені 11 жастан бастап 11 жас 11 ай 29 күнді қоса алғанға дейінгі жас қыздарға салады-, деді Сәуле Слямғазина.
Айта кету керек, екпені арасы 6 ай уақытта екі мәрте салады. Қазақстанда АҚШ-та шығарылған Гардасил вакцинасы қолданылады. Вакцинаны тіркелген жері бойынша мектептердеде, медициналық мекемелердеде, ата-анасының біреуінің немесе баланың заңды өкілінің ерікті ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін ғана алуға болады.
ШҚО-ға "Гардасил" вакцинасының 4000 дозасы келіп түсті. Бүгінгі таңда облыстың қалалары мен аудандарының медициналық ұйымдарына таратыла бастады.
- "Гардасил" вакцинасы қауіпсіз және денсаулыққа аса қауіпті белгілері байқалған емес. Вакцина бедеулікті тудырады деген қауесет - бұл өтірік және жалған мәлімдемелер, - деп атап өтті ШҚО денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс иммунологы Иван Мещеряков.
Тіркелген халық тіркелімінің деректеріне сәйкес, ШҚО-да 11 жастағы 5025 қыз тұрады, оның 4896-сы медициналық ауытқуларды ескере отырып вакцинациялауға жатады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -