ШҚО-да ауқымды сенбілік өтті
Бүгін Өскеменде «Таза Қазақстан» шеңберінде сенбілік өтті. Сенбілік объектілерінің бірі - Ертістің сол жағалауындағы қайыңды тоғай аумағы болды.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев атап өткендей, бұл жердің жолын жаңартудан бастап, серуендеу қайықтары тоқтайтын айлақтарын салумен аяқтап абаттандару қажет.
- Бұл демалыс орны болғандықтан, осы жерде мангал, қоқыс жәшіктерін орнатып, аумақта демалушылардың жүріп-тұруын, қоқыс лақтырып, ластамауын бақылайтын «тазалық патрульдерін» құру қажет, - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, сенбілікке қатысушылар адамдар құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды лақтырып өздерінің қоқыс төгетін орнына айналдырған ҚТҚ полигонына апаратын жолдың бойын да тазартты.
Айта кетейік, осы ауқымды іс-шараға облыстық басқармалар, прокуратура, полиция департаменті және ШҚО әкімі аппаратының өкілдері қатысты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -