ШҚО-да сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастар саны азайды: Шығыс Қазақстан облысы, 31 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ШҚО-да сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастар саны азайды

ШҚО-да сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастар саны азайды

ШҚО-да сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастар саны азайды

Ағымдағы жылы ШҚО-да сүт безі қатерлі ісігінің 214 жаңа жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда 29,2 жағдай болғаны анықталды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмен, ол кезде ауруға ұшарғандар саны 100 мың тұрғынға шаққанда 31,4 жағдайды құраған болатын. Бұл Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығының басшысы, ШҚО ДСБ штаттан тыс бас онкологы, медицина ғылымдарының кандидаты Гүлмира Сағидуллина хабарлады. Сүт безі қатерлі ісігі диагнозы қойылған науқастар арасында бес жылдық өмір сүру деңгейі 61,3%-ды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға жоғары. Бұл көрсеткіштің жақсаруы скринингтік бағдарламалардың табысты жұмысына және ісіктерді ерте анықтауға баса назар аударылуына байланысты. Анықталған жағдайлардың ішінде I кезеңде 40,3%-ы, ал II кезеңде 50,2%-ы тіркелген (2023 жылы сәйкесінше 37,3% және 51,7% болған).- Онкоскринингке ерекше назар аударылады, себебі ол ауруды бастапқы сатысында анықтауға мүмкіндік береді, ал бұл кезде емдеу ең тиімді болып табылады. 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдерге екі жылда бір рет маммографиядан өту ұсынылады, және 2024 жылы өңірдің жүздеген әйелдері осы қолжетімді диагностикалық әдіспен тексерістен өтті. Қазақстандағы әрбір жұмыс істейтін азамат жылына үш рет әлеуметтік демалыс алып, скринингтен өтуге құқылы, – деді Гүлмира Сағидуллина. Сүт безі қатерлі ісігі ерте кезеңде көбіне еш белгісіз өтеді, сондықтан тұрақты түрде денсаулықты тексеріп тұрған өте маңызды. ШҚО дәрігерлері 30 жастан асқан, әсіресе отбасында тұқым қуалау қаупі бар әйелдерге өзін-өзі тексеру, УДЗ және маммографиядан өтудің маңыздылығы туралы тағы бір мәрте айтып өтті.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Ағымдағы жылы ШҚО-да сүт безі қатерлі ісігінің 214 жаңа жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда 29,2 жағдай болғаны анықталды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмен, ол кезде ауруға ұшарғандар саны 100 мың тұрғынға шаққанда 31,4 жағдайды құраған болатын. Бұл Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығының басшысы, ШҚО ДСБ штаттан тыс бас онкологы, медицина ғылымдарының кандидаты Гүлмира Сағидуллина хабарлады. Сүт безі қатерлі ісігі диагнозы қойылған науқастар арасында бес жылдық өмір сүру деңгейі 61,3%-ды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға жоғары. Бұл көрсеткіштің жақсаруы скринингтік бағдарламалардың табысты жұмысына және ісіктерді ерте анықтауға баса назар аударылуына байланысты. Анықталған жағдайлардың ішінде I кезеңде 40,3%-ы, ал II кезеңде 50,2%-ы тіркелген (2023 жылы сәйкесінше 37,3% және 51,7% болған).- Онкоскринингке ерекше назар аударылады, себебі ол ауруды бастапқы сатысында анықтауға мүмкіндік береді, ал бұл кезде емдеу ең тиімді болып табылады. 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдерге екі жылда бір рет маммографиядан өту ұсынылады, және 2024 жылы өңірдің жүздеген әйелдері осы қолжетімді диагностикалық әдіспен тексерістен өтті. Қазақстандағы әрбір жұмыс істейтін азамат жылына үш рет әлеуметтік демалыс алып, скринингтен өтуге құқылы, – деді Гүлмира Сағидуллина. Сүт безі қатерлі ісігі ерте кезеңде көбіне еш белгісіз өтеді, сондықтан тұрақты түрде денсаулықты тексеріп тұрған өте маңызды. ШҚО дәрігерлері 30 жастан асқан, әсіресе отбасында тұқым қуалау қаупі бар әйелдерге өзін-өзі тексеру, УДЗ және маммографиядан өтудің маңыздылығы туралы тағы бір мәрте айтып өтті.</p>

Аймақтағы жаңалықтар