ШҚО-дағы Артемьев кенішінің өндірістік қуаты артты
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Шемонаиха ауданына жұмыс сапары барысында Артемьев кенішінде болды.
Артемьев тау-кен кешенінде жыл сайын шамамен 1,2 миллион тонна кен өндіріледі. Қазір мұнда Артемьев кенішінің екінші кезегін салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл өндіріс қуатын арттырумен қатар жер қабатын тереңірек игеруге және кенішті пайдалану мерзімін 2034 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді.
Облыс әкімі атап өткендей, кәсіпорында 2500-дей жұмыс орны құрылған, бұған қоса мердігер ұйымдар да тартылған.
Бүгін іске қосылған ауа беретін ұңғы кеніштің терең қабаттарына таза ауа жеткізуге, сондай-ақ қажет кезде қызметкерлерді эвакуациялауға арналған.Жобаны жүзеге асыруға шамамен 500 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынған.
Өңір басшысы құрылыс кезінде нысанда бірде-бір жазатайым оқиға тіркелмегенін, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау компания жұмысының басым бағыттары екенін атап өтті.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -