Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығы табысталды
Өскеменде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев БАҚ өкілдерімен кездесті. Өңір басшысы журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, аталған саланың дамуына қосқан үлесі үшін ерекше форматта марапаттады. Қонақтарды ашық аспан астында джаз музыкасының сүйемелдеуімен фуршет күтіп тұрды.
- Журналистер көбінесе азаматтардың пікірін айқындай отырып, құндылықтар, адамгершілік және саяси бағдарлар қояды. Интернеттің қарқынды дамуына және біздің сандық дәуірімізде ақпараттың барынша тез таралуына қарамастан, дәстүрлі БАҚ сенімді жаңалықтардың басты көзі болып қала береді. Осының бәрі журналистердің кәсібилігінің, таланттылығының, объективтілігінің және бейтараптылығының арқасында, - деп атап өтті облыс әкімі.
Аймақ басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Ерен еңбегі үшін» медалін «Қазақстан» телеарнасының жеке тілшісі Олжас Керейханға және «Хабар» телеарнасының жеке тілшісі Вячеслав Ветлугинге тапсырды. «Атамекен бизнестің» жеке тілшісі Жанболат Санияз «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, аймақ басшысы 8 БАҚ өкілін өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін грамоталармен және сыйлықтармен марапаттады. Олардың қатарында Ирина Плотникова, Салтанат Орынбекова, Антон Сергиенко, Меруерт Бахтиярова, Нұржан Қалекенов, Анель Есенбердина және Айзада Юнусова бар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -