Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімі болып Данияр Дүйсембаев тағайындалды
Бүгін өңір басшысы Ермек Көшербаев Катонқарағай ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. Оған дейін Данияр Дүйсембаев Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментін басқарған.
Данияр Дүйсембаевтың түрлі мемлекеттік органдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар, ол ұзақ уақыт бойы Өскемен әкімдігінің істер басқармасында, сонымен қатар Риддер қаласы әкімдігінің аппаратын басқарды. Бір жылға жуық ол Риддер әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Өңір басшысы Катонқарағай ауданының жаңа әкімін таныстыра отырып, оның тәжірибесі мен алған білімі, Президент пен халықтың алдындағы міндеттерді орындауға көмектесетінің атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -