Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңір теологтарымен кездесті.
Қазіргі уақытта облыста халық арасында діни мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқан 5 теолог бар.
Ғалымдар жастар арасында семинарлар, тренингтер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, олар дінге қатысты өзекті сұрақтарға жауап бере отырып, ағартушылық қызметпен айналысады. Барлық мамандар атақты жоғары оқу орындарынан білім алған, соның ішінде Египеттегі «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университеті, Түркия, Ресей және Сириядағы теологиялық, дінтану оқу орындарын бітірген.
Кездесу барысында өңір басшысы аймақтағы дін мәселелеріне тоқталып, ежелден бері дәстүр мен руханият ұғымдары әр халықтың мәдениетінде бір-бірімен тығыз байланысты екенін атап өтті.
Ермек Көшербаев теологтардың сараптамалық пікірлерін тыңдады.
Өскелең ұрпақ арасында діни мәдениет пен сауаттылықты қалыптастыру мәселелері де көтерілді.
Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі конфессияаралық диалогты нығайту саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар атап өтті.
Айта кетейік, өңірде 152 діни бірлестік тіркелген.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -