Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың ветеринарлық қызметкер күнімен құттықтауы
«Бүгін Қазақстанда алғаш рет жаңа кәсіби мереке - ветеринарлық қызметкер күні атап өтіледі. Аграрлық сектор саласының адамдары жоғары құрметке ие. Өйткені ауылшаруашылықтың дамуына тікелей қатысты ветеринария саласының мамандары қажырлы еңбектерімен облыстың дамуына зор үлес қосады. Біз қарапайым ветеринарлардың еңбегінің қаншалықты маңызды екенін күнделікті байқай бермейміз. Ветеринар болу - бұл үлкен жауапкершілікті талап ететін кәсіп. Ветеринария қызметкерлерінің жұмыстары қамқорлықпен, сезімталдықпен және адалдықпен тікелей байланысты. Ағымдағы жылдың 28 мамырында өңірде ШҚО ветеринария басқармасы қайта құрылды. Облысымыздың барлық ветеринария саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!Қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!»
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -