Шығыс Қазақстан облысының кадрлық резервіне 20 кандидат алынды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс әкімдігімен бірлесіп Шығыс Қазақстан облысының өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізді. Облыс бойынша 386 үміткер өтініш берген.
Іріктеу барысында үміткерлер заңнаманы білу бойынша тестілеуге қатысты. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлерге сай болу үшін жеке қасиеттерін бағалаудан өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өткізген келесі кезең – құзыреттілігін бағалауға 42 үміткер жіберілді. Соңғы кезеңде үміткерлер таңдалған салалық бағыттар бойынша жобаларын қорғады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -